Бұл тағам штрудель

Бұл тағам штрудель 

Бұл қуырып жасайтын турі.
Узақтығы 2 сағат
30-40 минут ет қуырылады + 50 минут буда піседі!!!

✅ Керек заттар:
Шойын қазан міндетті турде. Басқа ыдысқа дұрыс шықпайды!!!

🔸 Кой еті немеме сиыр еті. Суйектері болса тіпті жаксы. Дау дау сүйектерді осы тамаққа пайдаланған күшті👍

🔸 1 шəй кесе май растительный қуыруға

🔸 картоп 4-5 шт улкен болсын

🔸 сəбіз 2 шт улкендеу

🔸 пияз 1 шт

🔸 перец.помидор. капуста болса қосасыздар. Жоқ болса керек емес….

🔸 қамыр. Қамыры еттің нанындай су + туз + ұн = илейміз.

🔸 томат 1ас қасық

✅ Дайындалуы: — ен бірінші етті жуып турап қызып турган қазанға май құйып етті қуырамыз. 5-10 минут сосын томат қосамыз. Тұз. бурыш себеміз. Устіне су құйып 30-40 минутқа газды басып қоямыз. Ет өзі жəй қайнай береді суы тартылып қуырылады. Суы тартылған соң етке тағы су құйып қатты қайнатамыз 5-минут. шамамен сүйек жарталай суға батып тұрсын . Қайнап жатқанда устіне пияз, картоп, сəбіз, перец, помидор, капуста, укроп салып ең устіне қамыр саламыз. — Қамырды алдын ала илеп , жайып арасына растительный май жағып рулет қып орап қоямыз… осы оралған қамырды картоп сəбіздің үстіне қоямыз
Сонда ең астында ет сүйек оның үстінеде көкқністер ең бетінеде қамыр тұрады.
5 минут қазанды қатты қайнап. Астындағы отты басып, бетін жауып тастаймыз.
50 минут қазанды ашпаймыз газга тимейміз. Өзі піседі. Плов сияқты піседі. Тимеу керек — Суы еттен сəл асып тұрса жетеді. Қартоп сабіз салғанда жарталай суға батып тұруы керек.
40-50 минуттан соң отты өшіріп 5минут тимейміз ыстығы басылсын. Сосын тағамды алып тарелкаға салып дастарқанға ұсынамыз. Ортасына еттерін картоп сабізін турап салып шетіне қамырын қоямыз.
Қамырды алып арасын ашып, ет картоп сабиз салат салып орап жеген дəмііі.
Ас болсын! ❤27

Ведите ваш е-майл:

Написать ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *