Сметанник торты

Сметанник торты

✅ Қамырға:

🔹 100 гр сары май
🔹 2 шт жұмыртқа
🔹 1 банка сгущенка
🔹 1 шай қасық сода
🔹 8 ас қасық ұн
🔹 1 ас қасық какао

✅ Кремге:
🔹 600-700 гр қаймақ 20%
🔹 100 гр қант

✅ Торт бетіне (глазурь):
🔹 50 гр сары май
🔹 2 ас қасық сүт
🔹 2 ас какао
🔹 4 ас қасық қант

✅ Жасалуы:
— Қамыр жасаймыз
1. Езіліп тұрған сары майды жұмыртқамен шайқаймыз.
2. Сгущенка қосып, тағы шайқаймыз.
3. Аздаған уксуска соданы жібітіп, оны да қосып шайқаймыз.
4. Ұнды қосып, араластырамыз.
5. Дайын қамырды екі бөлікке бөлеміз.
Қамыр қою қаймақ секілді болу керек.
6. Қамырдың бір бөлігіне какао қосып, әрқайсысын 180 градуста 20 минуттан пісіріп аламыз.

✅ Торт корждары піскенше крем дайындаймыз:
Қант пен қаймақты араластырып, миксермен жақсылап шайқаймыз.

Пісіп суыган корждарды ортасынан екі бөліктерге бөліп шығамыз. Корждарды формасын бірдей етіп, жан- жағын кесеміз. Ұнтақтарын әзірге сақтап коямыз. Барлық корждарды вилкамен тесіп шығамыз.(ен төменгісынен басқасын)

Сонымен барлық корждардың шет жағына, ортасына крем жағып шығамыз.

✅ Глазурь дайындаймыз:
Барлық заттарды араластырып, отка бір қайнатып аламыз

Суытып торт бетіне құйып, қалған ұнтақтарды үгітіп, торт бетіне сеуіп шығамыз.

Тортты таңға дейін тоңазытқышқа қойып қоямыз. Торт дайын.
Ас дәмді болсын! 😋17

Ведите ваш е-майл:

Написать ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *