Пирожки с картошкой. Картоп салынған бүктеме

😋Картоп салынған бүктеме — тез дайындалатын дәмді тағам😋

✅Құрамы:
— Қамыры үшін:
🔹4 кесе ұн;
🔹3-4 ас қасық қант;
🔹2 жұмыртқа;
🔹1 шай қасық тұз;
🔹1 ас қасық ашытқы;
🔹1 кесе су немесе сүт.
— Салмасына:
🔹8-10 картоп;
🔹1 пияз;
🔹1 ас қасық сары май;
🔹тұз татымына қарай.
✅Дайындалу жолы:
1. Көрсетілген өнімдерді қосып, жұмсақтау қылып қамыр илейміз. Көтерілгенше бетін жауып қоямыз. Содан соң күлшелерге бөліп, 5-6 минут беті жабылып қойылады да, ұн себілген стол үстіне әрқайсысы дөңгелектеніп жазылады. Жазылған әрбір қамырдың үстіне салма салынады да жиектері көмкеріліп, шеттері жабыстырылады. Сөйтіп жарты ай формасына келтіріледі.
2. Салмасын дайындау үшін картоптың қабығы аршылып, пісіріледі. Піскеннен кейін басқа ыдысқа салынып езіледі. Ұсақтап туралған пияз, сары май, тұз салынып, бәрі мұқият араластырылады.
3. Сонымен дайындалған бүктеме бүгілген жағы астына қаратылып, қайнап жатқан майға салынады да, аударыстырылады да, аударыстыра отырып, қызарғанша пісіріледі. Бүктемені өсімдік майына қуырған дұрыс.
4. Піскен бүктеме кепсермен сүзіп алынып, тарелкаға салынады да, дастарқанға әкелінеді. Ол салқын кұйінде де дәмді.
Астарыңыз дәмді болсын! ❤️ 😋

22

Ведите ваш е-майл:

Написать ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *