Нан-салма

Нан-салма

 ✅Құрамы:

🔹Ет (қой еті, сиыр еті немесе тауық еті);

🔹Картоп — 5-6дана;

🔹Сәбіз — 2 дана;

🔹Пияз — 1 дана;

🔹Баялды (баклажаны);

🔹Ұн;

🔹Күнбағыс майы;

🔹Дәмдеуіштер/тұз;

🔹Аскөк;

🔹Томат пастасы.

Дайындалу жолы: 

Картоп, сәбіз және пияз, баялды, етті тураймыз.
Қызып тұрған майға етті салып, бес-алты минуттай қуырамыз.
Ет әбден қуырылып біткенде пияз бен сәбізді бірге салып қуырамыз.
Туралған пияз сарғайғанша жиі араластырып қуыра береміз.
Пияз бен сәбізі қуырылып біткен соң үстіне картопты, содан соң баялдыны салып қуырамыз. Картоптың асты қазанға жабысып қалмас үшін жиі араластырып отыру керек.
Картоп қуырылып бітті дегенде 1 ас қасық томат пастасын салып, көкөністерге толық сіңгенше қуыра береміз.
Әбден қуырылып, томаты сіңгеннен соң өзінің бетінен сәл асырып су құямыз. Дұрыстап араластырып, қазанның бетін жауып қайнатамыз. Бір қайнаған соң отты сәл ғана азайтамыз.
Қамыр жайып, оны төртбұрышты етіп немесе кеспе етіп кесеміз. Қайнап тұрған суға пісіріп аламыз.
Піскен қамырды елгезермен сүзіп алып, салқын суға түсіреміз (Сонда қамыр бір-біріне жабысып қалмайды). Үстіне көкөністерден жасалған тұздықды салып, өз қалауымызша сәндейміз.
Астарыңыз дәмді болсын!3

Ведите ваш е-майл:

Написать ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *