Димляма

Димляма.

Қазанға 150г сары майды ерітіп, үстіне туралған етті салдым.

Сарымсақ, кинза (ұнтақталған), зіре, тұз, бұрыш салып, араластырдым.

Пияз, қызанақ, болгар бұрышы, картоп салып, тағы да (көкөністерге) тұз, бұрыш, кинза салдым да капуста ірі-ірі етіп бөліп ең бетіне салып бетін жауып бұқтырдым. Су мүлдем құймаймын, өз сөлі көп болып кетеді. 30минуттай қаттырақ отта тұрды, отын орташа қойып тағы 1 сағат бұқтырдым. (Менде газ қатты парылдап жанады, газыңыздың жануына қараңыз, əлсіз жанса отын азайту керек емес) ☝️сары майдың орнына құйрық майды жұқалап жайып үстіне ет салса да керемет болады. ☝️негізі қой етімен әдемі болады, бұл жерде сиыр қабырғалары. 🍽

4

Ведите ваш е-майл:

Написать ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *