Борщ

Борщ.

Ет 7-8 сүйек
Су 1.7-2л
Сәбіз 1 дана
Картоп 3 дана
Пияз 1 дана
Қызылша кішілеу 2 дана
Капуста 600-700г
Томат 2ас қасық
Өсімдік майы 2-3ас қасық
Етті жуып (мен қой еті қабырғасымен омыртқасын алдым) суық су құйып қайнатып,көбігін аласыз да отын азайтып,бетін жауып 1,5-2сағат жəй қайнатасыз. Сосын сәбіз бен картопты салып тағы да 20 минут қайнатасыз. Ол қайнап жатқанда 2-3ас қасық өсімдік майына алдымен пиязды сарғыш түсті болғанша қуырып томат пастасын салып араластырып,қызылшаны ұзыншалап турап салып аздап қуырасыз . (☝томат пастасының орнына қатты езіліп піскен помидорды қабығын алып тастап салған дұрыс)
Сорпаға қуырған пияз бен қызылшаны салып араластырып, капустаны да саласыз тұз салып тағы 15-20 минут қайнатасыз (немесе капуста піскенше ).
Дайын болуға аз қалғанда 0,5 шəй қасық уксус құйып араластырып жіберіңіз.
Дайын болған кезде ыдысқа құйып 1қасық сметана салып, қалауыңызша əрлеп ұсыныңыз .
☝Қызылшаны бірге қайнатып та, барлығын бірге қуырып сосын су құйып қайнатып та т.с.с. көргенмін, дəмі де түрі де ойымдағыдай шықпады . Осы əдіс қана өзіме ұнады.

☝Сорпаны ұзақ қайнату маңызды.  Дәмдеуіштер қосу өз еркіңіз. Мен сорпаның өз дəмін сақтап қалдым.38

Ведите ваш е-майл:

Написать ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *